Шетелде оқуға түсерде «Өміріңде осыған дейін не тындырдың?» деген тақырыпта эссе жазасың. «Президент әкімшілігінде істедім. Облыс әкімінің орынбасары болдым. Басқа да түрлі қызметтер атқардым. Қысқасы, өте көп нәрсе істедім» деймін. Сөйтсем нұсқаушы «Сені халық сайлады ма?» дейді. «Жоқ, тағайындады. Мені тағайындаған әкімді де бір адам тағайындайды» деймін. АҚШ-та сайланбаған адамдарға саяси қызметкер ретінде қара­май­ды. Тағайындалатын мем­қыз­мет­кер – бюрократ. Бюрократ деген бізде нашар реңк алып кет­кен сөз, ал шындығында бюрок­рат деген сөз мемлекеттік қыз­меткер дегенді білдіреді. «Ой, онда ол ешқандай да жетістік емес қой» дейді. «Басқа не істе­дің?» деп сұрады тағы. «Облыс әкімінің орынбасары болып тұр­ға­нымда пәленбай мектеп салын­ды, пәленбай балабақша құры­лысы басталды» деймін. «Сіз сон­да байдың баласысыз ба, өзі­ңіз қаржы бөлдіңіз бе?» деп сұра­ды. «Жоқ, бюджеттің қаржы­сы­на салынып жатыр» дедім. «Демек, сіз емес басқа адам орынбасар болса да сол жұмыс істеледі ғой. Ендеше, сенің ол жұмысқа жеке өз басыңның қандай қатысы бар?» деді. Шынын айтсам, бұл менің көзімді ашқан ерекше тәжі­ри­бе болды. ШЫҢҒЫС МҰҚАН (экс-шенеунік)

Теги других блогов: продвижение SEO Google